Тәуелсіз бақылаушылар: Ресми дерек пен ұйым дерегі сәйкес келмегенде қысым күшейді

«Еркіндік қанаты» қоғамдық қорының тәуелсіз бақылаушылары референдумды бақылау кезінде қысым болғанын айтады


06/06/2022
16:56 33519 0

«Еркіндік қанаты» қоғамдық қорының бақылаушыларына қысым Орталық сайлау комиссиясының деректері мен ұйым деректері сәйкес келмеген кезде басталған. Бұл жөнінде ұйым мүшелері 5 маусымда өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді. 

 

Тәуелсіз бақылаушы Ғалымжан Оразымбеттің сөзінше, Орталық сайлау комиссиясы мен «Еркіндік қанаты» қорының деректері алдын ала жарияланған алғашқы мәліметтерден ақ сәйкес келмеген. Оның сөзінше, осыдан кейін тәуелсіз бақылаушыларға қысым күшейген. 

 

— Біз осыдан кейін қысым күшейгенін дәлелдей алмаймыз. Бірақ бұнымен параллель келтіруге болады. Себебі Орталық сайлау комиссиясы алғашқы деректерді жариялағанда Астанада дауыс берген халықтың мөлшері 24% дегенде, біздің есебіміз 8-9% болды, деді Оразымбет.

 

Бұдан бөлек, тәуелсіз бақылаушылар арттарынан белгісіз автокөлітердің аңдығанын, елордада кейбір сайлау учаскелерінің сағат 22:00-ге дейін жұмыс істегенін айтты. 

 

Маусымның 5-і күні «Еркіндік қанаты» ұйымының үйлестірушісі Ақжол Маликовке шабуыл жасалғаны хабарланған. Ал тәуелсіз бақылаушы Серік Бейсембаевты комиссия мүшелеріне ескерту жасағаны үшін сайлау учаскесінен шығарып жібергені жөнінде ақпарат тараған. Екі оқиға да Астана қаласында болған. 

 

 

Поделиться

Нет комментариев.

06/06/2022 16:56
33519 0

Уведомление